Стать участником

М.ГОРЬКИЙ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРЫС ДРАМА ТЕАТРЫ (АСТАНА Қ.)

«МӘҢГҮРТ. МӘҢГІЛІК ҚҰЛ»
/мистерия/

Авторы және режиссері: Б.Абдураззаков

М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры өз көрермендері үшін бұрын елемей жүрген дүниелерді көруге әсер ететін, дүниетанымды мүлде өзгертіп жіберетін таңғаларлық туындыны ұсынды.
Режиссер Барзу Абдураззаков — Шыңғыс Айтматовтың, Альбер Камюдің, Венедикт Ерофеевтің, Евгений Шварцтың және Уильям Шекспирдің өміршең туындыларын біріктіре отырып, бірнеше ғасырдағы уақыт аралығын қамтитын әсерлі, ауқымды дүние тудырды.
Сценографиялық батыл шешімдер, ерекше костюмдер және айрықша музыкалық көркемдеу автордың идеясын, яғни, ақыл-есі дұрыс, еркін адамдардың басқалардың қалауын орындаушыларға – құлға, зомби, мәңгүрттерге айналып кетуін жалғай түседі. Спектакль: «Неліктен адамдар әрқашан тәуелділікті дәріптейді?» — деген сұраққа жауап береді.