Стать участником

С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры

«Құлан қыпшақ – Кейкі батыр»
\тарихи драма\

Авторы: С. Тұрғынбекұлы
Режиссері: Т. Жанботаев

Бұл спектакльде 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің көрнекті қолбасшыларының бірі халық арасында «Қол мерген» атанған аты шулы батыр Кейкі Көкембайұлының өмір тарихы мен ерлік істері баяндалады. Спектакльдегі ғасырлар үрдісінен үзілмей жалғасып келе жатқан тарихқа таңба болып қалған қиян-кескі оқиғалар шынайылығымен өз көрерменін бей-жай қалдырмасы хақ. Кейкі батыр табиғат пен тәңірден басқа ешкімге де, ештеңеге де тәуелді емес.