Стать участником

«Театр Луны» Мәскеу театры (Ресей)

«Антракт»
\драма\

Авторы: А. Мардань
Режиссері: Н. Когут

Қойылым өн бойынан классикалық және авангардтық театрларға тән тәсілдер қолдануымен ерекшеленеді. Танымал режиссер талай жыл өткен соң өзінің алғаш өнер жолын бастаған театрын көріп, өткен күнге сапар шегу үшін ескі қалаға қайтып оралады. Ол ұзақ сапарға кеткенде мұнда оның достары, сүйікті әйелдері қалып қойған еді.
«Өз-өзіне қайта қарап» өмірін ой елегінен өткізіп, өзінің кім екеніне көзқарас қалыптастыру үшін оның жан дүниесіне міндетті түрде «антракт» қажет. Қойылымның финалы көрерменді ең маңызды мәселе турасында қалың ойдың құшағында қалдырары сөзсіз.