Стать участником

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры (Өскемен қ.)

«Үйлену»
\екі актілі ерекше оқиға\

Авторы: Н. Гоголь
Режиссері: Андрей Воронин

Балалық қорқыныштан арылмаған, жалтақой, ақ шашты, үйленбеген сүрбойдақ Подколесин мен әлі күнге дейін қуыршақ ойнаудан бас тартпайтын және өзі де сол қуыршаққа ұқсаған, өзін әйел ретінде сезінбеген, аңғал және кірпияз Агафья Тихоновна – бұл оқиғаның бас кейіпкерлері. Олардың жауапкершілігі мол шешімге қадам басуына тәжірибелері бар «серіктері» мен «көмекшілері» яғни, таңғажайып жеңгетай мен сахнада аяқ астынан пайда болатын белгісіз Кочкарев кейіпкерлер үшін шешім қабылдайды.