Мүше болыңыз

«Самғау» Халықаралық театрлар фестивалінің ЕРЕЖЕСІ

   «Самғау» Халықаралық театрлар фестивалінің ЕРЕЖЕСІ

 

    I.            Фестивальдің мақсаттары мен міндеттері

Мақсаттары:

– Қазақстанның  заманауи  театрлық өнерін дамыту мен қолдау  және  еліміздің мәдени өмірінің мәртебесін көтеру;

– жаңа театрлық идеялары мен түрін іздеу;

– халықаралық театрлар байланысын нығайту және театр мәдениетінің өзара іс-әрекетін жандандыруға ықпал ету;

– театр өнерін халық арасында кеңінен насихаттап, сахна  өнерінің дамыту, сахна мәртебесін жоғары деңгейге көтере отырып, қоғамдағы орны мен адамзаттың рухани өсіп өнуіне тигізер ықпалын зерттеу, зерделеу болып табылады.

Міндеттері:

  • тұтас алғанда Қазақстандағы театр өнерінің дәстүрлерін сақтау және дамыту;
  • отандық актерлік өнердің кәсіби шеберлігінің шыңдалып, өркендеп өсуіне ықпал ету;
  • елорда тұрғындарының мәдениеті мен эстетикалық талғамын қалыптастыру;
  • Астана қаласын әлемдік театр өнерінің қарқынды өсіп дамуына үлес қосатын орталыққа айналдыру;
  • Қазақстанның, ТМД елдері және шетел сыншылары мен театр танушылары арасында шығармашылық қатынастарды орнату;
  • театр өнерінің түрлері мен жанрларындағы үздік жұмыстарды анықтау және қолдау;
  • заманауи театр үрдісінің негізгі тенденцияларын анықтау және театр өнерінің  классикалық және заманауи мұралары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту ;

–   Астана көрермендерін театр  өнерінің  үздік үлгілерімен таныстыру.

 

II.            Фестивальдің құрылтайшылары

Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Астана қаласының Жастар театры.

 

III.            Фестивальдің ұйымдастыру комитеті

 Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы фестивальді өткізуге кіретін шаралар мен ұйымдастыру жұмыстары: қатысушыларды шақыру, спектакльдерді іріктеу, шетелдік және отандық БАҚ өкілдерімен бірігіп жұмыс атқару, фестивальға қатысты мәселені шешу, фестиваль жұмысын насихаттау, қазылар алқасын тағайындау жұмыстарын атқаратын ұйымдастыру комитетін құрады.

 

IV.            Фестивальдің қазылар алқасы мен сарапшылар құрамы

Ұйымдастыру комитеті  7 және одан да жоғары адамнан тұратын қазылар алқасын тағайындайды. Оның шығармашылық құрамына отандық және шетелдік  танымал  театр сыншылары  шақырылады.

Қазылар алқасы спектакльдің драматургиялық материалын, режиссердің және актерлердің жұмысын, стенографиялық және музыкалық шешімдерін және т.б қарай отырып, спектакльдің толық талдауын жүзеге асырады.

Фестивальдың бағдарламасына беделді фестивальдарда кәсіби айтылған сынмен танылған жоғары көркемдік құндылығы бар отандық және шетелдік кәсіби театрлардың спектакльдері енгізілуі мүмкін.

 

V.            Фестивальдің  қорытындысы төмендегі номинациялар бойынша бағаланады:

–  «Гран-При» / «Үздік спектакль»/ – 2 000 000;

–  «Үздік режиссура»- 1 500 000;

–  «Үздік ер адам бейнесі» – 1 000 000;

–  «Үздік әйел адам бейнесі» – 1 000 000 ;

–  «II пландағы ер адам бейнесі» – 500 000;

–  «II пландағы әйел адам бейнесі» – 500 000;

–  «Үздік суретші» – 1 000 000;

–  Арнайы номинация – 500 000.

 

Фестиваль қатысушылары арнайы дипломдармен марапатталады

 

 

VI.            Фестивальдің  өткізілу шарттары

 Фестивальға отандық және шетелдік мемлекеттік және кәсіби театр ұжымдары қатыса алады.

Фестивальдің аумағында әртүрлі жанрдағы, форматтағы спектакльдер көрсетіледі.

Фестивальға шақыру алған театр ұжымы бір ғана спектакльмен конкурстық бағдарламаға қатысады.

Фестивальға қатысу туралы өтінімдер ұсынылған форма бойынша қабылданады (қосымша).   

  1. I) 2019 жылдың  15 ақпанынан 30 сәуірге дейін келесі материалдар қабылданады:

1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес дайындалған өтінім;

2) спектакльдің жарнамалық өнімдері (афиша, бағдарлама, түсініктеме, театр туралы анықтама және спектакльдің цифрлық үлгідегі фотосуреттері, БАҚ-беттерінде жарияланған мақалалар);

3) синхронды аударма жасау үшін пьесаның қазақ және орыс тіліндегі    сөзбе-сөз аударылған мәтіні. Спектакльдің қазақ және орыс тіліндегі синхрондық аудармасымен жіберуші жақ қамтамасыз етеді. Синхрондық аудармаға қажетті құралдарды ұйымдастырушылар ұсынады;

4) спектакльдің толық бейне жазбасы.

 

  1. Ұсынылған материалдар қайтарылуға  жатпайды.

III. Өтінімді және қосымша материалдарды мына мекен-жайға жолдау қажет: 010000, Астана қ., Бейбiтшiлiк көш., 11, 750-кабинет,  8(7172) 55-67-67,

55-74-08. e-mail: theatrefest@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті театр ұжымдары ұсынған бейнетаспалардың негізінде фестивальдің талабына сай, көркемдік деңгейі жоғары дәрежедегі спектакльдерді таңдап, фестивальдің конкурстық бағдарламасына қатысатыны туралы ақпаратты театр ұжымдарына 2019 жылдың 20 мамырына дейін хабарлайды.

Материал 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады.

Таңдап алынған спектакльдер негізінде 2019 жылдың 1 маусымына дейін конкурстық бағдарлама жасалып, таратылады.

 

Өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Индекс 010000;

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесі, 11

тел/факс 8(7172) 55-67-67, 55-74-08

e-mail: theatrefest@mail.ru

 

    VII.          Өткізілу уақыты мен орны:

Фестиваль Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық  қазақ  музыкалық драма театры, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Жастар театры, «Астана» концерт залы және Бейбітшілік және Келісім сарайы сахналарында өтеді.

Фестиваль 2019 жылдың  маусым айының 10-16  жұлдызы аралығында өтеді.

 

 

VIII.  Фестивальға қатысу шарттары:

Ұйымдастыру комитеті:

– құрамы 20 адамнан* тұратын театр ұжымдарының жатын орындары мен тамағын фестивальдің өтетін мерзімінде толықтай өз есебінен төлейді;

– ұжымдардың фестиваль аясындағы мәдени іс шараларға қатысуын  қамтамасыз етеді;

– театр ұжымдарына спектакль көрсетуге қажетті құрал жабдықтар мен сахнаны  пайдалануды және фестивальдың барлық қатысушылары үшін көлікпен қамтамасыз етеді;

– ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;

– театр ұжымдарының басшыларын фестивальдің VIP бағдарламаларына қатысуына (пресс конференциялар,қабылдаулар) жағдай жасайды;

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

– фестивальға соңғы 2018-2019 жылдары  сахналанған ең үздік қойылымдармен  қатысу қажет;

– фестивальға халықаралық және республикалық фестивальдардан жүлделі орын алған театрлар қатыса алады;

– қазылар алқасы құрамына театр ұжымының басшысы енген жағдайда, ол театр ұжымы фестивальге қатыса алмайды;

– келу-кету жол шығыны қатысушылардың өздерінен  төленеді;

– декорация тасымалдау шығыны қатысушылар тарапынан төленеді.

* театр ұжымының құрамы 20 адамнан асқан жағдайда жатын орын мен тамағы ұжымның өз есебінен төленуі тиіс.